Алматы • 10 Сәуір, 2024
Биылғы сәуірден бастап Алматыда «Cambridge International» компаниясының математика және нақты ғылымдар бойынша Азиядағы серіктесі «Marshall Cavendish»-пен бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асады.
Білім • 10 Сәуір, 2024
Еліміздің көп жерін су басып жатқаны белгілі. Сол су тасқыны себебінен төтенше жағдай жарияланған өңірлерде білім беру үдерісі қалай жүргізіліп жатыр? «Төтенше тоқсанға» тап келген педагогтерді қолдау, олардың еңбекақысын есептеу мәселесі қалай болмақ? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Еңбек • 10 Сәуір, 2024
Еңбек өнімділігінің төмендігі, мемлекеттің жұмыспен қамтуды арттыру бойынша аймақтық саясатындағы ауытқулар, туу көрсеткіші күрт жоғарылаған 2000-жылдарғы динамика болашақта жұмыс күшінің үлкен ағынына алып келеді. Жұмыс орындарын көптеп ашу, жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген жағдайда таяу жылдары елімізде жұмыс іздеушілер саны 2022 жылмен салыстырғанда 1 млн адамға артуы мүмкін.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Жетісуда жыл сайын жүздеген отбасы қоныстойын тойлап, қуанышқа кенеледі. Былтыр дәл осы уақытта талдықорғандық тұрғындар баспаналы болған еді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тапты. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарына пәтер кілті табысталды.
Қаржы • 10 Сәуір, 2024
Таяуда халықаралық сарапшылар еліміздегі банк секторының сенімділігі мен тұрақтылығына тағы бір талдау жүргізді. «S&P Global Ratings» агенттігі активтер сапасы мен реттеушілік қадағалаудың жақсаруына байланысты біздегі 5 екінші деңгейлі банкке (ЕДБ) «барлау» жасаған.