Технология • 09 Сәуір, 2024
ТШО жасанды интеллект жемісін көріп отыр
Атырауда жыл сайын өтетін Солтүстік Каспий аймақтық «Atyrau Oil&Gas» және «AtyrauBuild» көрмесіне қызығушы көп. Биыл оған отандық кәсіпорындармен бірге Аустрия, Әзербайжан, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Финляндиядан мұнай-газ саласындағы 102 компания қатысты.
Халық • 09 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Қаратөбе ауданында су тасқынынан зардап шеккен Аққозы аулы тұрғындарымен арнайы кездескен еді. Сол тарихи кездесудің келесі күні аққозылықтарға алыстағы Алматы мен Тараз қалаларынан үш «ГАЗел» жүк көлігімен гуманитарлық көмек жетті. Қайырымдылық керуенін бір аптадан бері өңірде жүрген Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бастап барып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға табыс етті.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Солтүстіктегі ең үлкен өзен Есілдің суын бөгейтін – Сергеев және Петропавл су қоймалары. Сенбі күнгі хабарға қарағанда, Сергеев су қоймасы өзінің жобалық қуатынан 55 пайызға асып, үстінен су жүріп кетті. Судың ең жоғары биіктігі жоба бойынша 800 см болса, қазір ол 1 090 см-ге жеткен.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Павлодар облысындағы ахуал тұрақталып қалды. Су тасқыны басталғалы 38 жеке үй су астында қалып қойған. Қазір қауіптің беті қайтып, баспаналарына зақым келген тұрғындардың материалдық шығынын арнайы комиссия анықтап жатыр.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Мұнайлы өңірге тасқын судың қаупі бұрын да төнген. Мәселен, 1993 жылы Қызылқоға, Жылыой аудандары зардап шеккен. Қазір қарғын суға қарсы қарбалас Атырау қаласында, Жылыой, Индер, Махамбет, Құрманғазы, Қызылқоға ауданында жүріп жатыр.