Руханият • 29 Сәуір, 2020
Бүгін Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді
Мәдениет және спорт министрлігінің «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін әнші Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2020
Халықаралық деңгейде 16 көпбейінді аурухана салынады
2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы аясында республика бойынша ауруханалардың инфрақұрылымын жаңарту жоспарлануда. Ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейде 16 көпбейінді аурухана (облыстық көпбейінді ауруханалар, қалалық көпбейінді ауруханалар, университеттік клиникалар) салынады. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 29 Сәуір, 2020
4,28 миллионнан астам әлеуметтік төлем тағайындалды
28 сәуірдегі жағдай бойынша төтенше жағдай кезінде кірістен айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 280 мыңнан астам әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 732,5 мың, екінші айда – 547,7 мың. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапарымен барды
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Технология • 29 Сәуір, 2020
2028 жылға қарай Амстердам-Париж арасында Hyperloop жүрдек көлігі салынады
Голландиялық Hardt Hyperloop компаниясы Hyperloop жүйесі арқылы алдағы 8 жыл ішінде төмен энергия тұтына отырып барар жерге жылдам жеткізеді. Компания өкілдерінің айтуынша, мәселен Парижден Амстердамға 90 минутта жетуге болады.