Қазақстан • 29 Сәуір, 2020

Халықаралық деңгейде 16 көпбейінді аурухана салынады

31 реткөрсетілді

2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы аясында республика бойынша ауруханалардың инфрақұрылымын жаңарту жоспарлануда. Ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейде 16 көпбейінді аурухана (облыстық көпбейінді ауруханалар, қалалық көпбейінді ауруханалар, университеттік клиникалар) салынады. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ауруханалардың жобасы заманауи техникалық шешімдерге сәйкес жасалады, ұзақ мерзімді келісімшарттар аясында медициналық техникамен, ақпараттық жүйемен қамтамасыз етіледі және техникалық қызмет көрсетіледі.

Әрбір стационарда пациенттерді уақтылы және сапалы диагностикалау мен емдеуге, клиника қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың инфекциялық емес желісіндегі жүктемені төмендететін қазіргі заманғы инфекциялық корпустар салу жоспарлануда.

Ауруханалар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және басқа да ұзақ мерзімді келісім-шарттар шеңберінде салынады деп жоспарлануда, бұл бюджет шығынын төмендетуге, шетелден капитал, ауруханалар құрылысына жаңа технологиялар тартуға және денсаулық сақтау объектілерін пайдалану сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

5-6 жыл ішінде халықаралық Joint Commission International (JCI) стандартына сәйкес 8000 орындық жоғары технологиялық ауруханалар желісін құруға болады.

Бұл жобаларды халықаралық деңгейде ауруханалар салу және пайдалану бойынша тәжірибесі бар отандық және шетелдік компаниялар жүзеге асырады.

Ауруханалар құрылысының жобаларын уақтылы іске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы оператор - жобалау компаниясы құрылады (заңды тұлғаны құру туралы НҚА жобасы ашық НҚА сайтында орналастырылған).

Компанияның негізгі міндеттері:
әзірлеу кезеңінде барлық жобаларды әкімшік басқару және үйлестіру, МЖӘ шарттарын жасасу жөніндегі шараларды іске асыру (оның ішінде МЖӘ шарттары бойынша мемлекеттік әріптес жағында әрекет ету);
МЖӘ шарттары бойынша (әрбір шарт бойынша 400 жуық сапа көрсеткіші) жеке әріптес міндеттемелерінің орындалуын бақылау.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылық – асыл қасиет

Аймақтар • Бүгін, 14:59

Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған

Коронавирус • Бүгін, 10:20

Алаштың ардақтысы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 10:02

Тапа-талтүстегі төтенше жағдай

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Ертістің суы егістікке пайдалы

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Бүгін, 06:55

Ұқсас жаңалықтар