Hardt Hyperloop магнитті левитация және жартылай вакуумда қолдау көрсетілетін болат құбырда жылдамдығы 1000 км/сағаттан астам желілік электр қозғалтқышының көмегімен қозғалатын аэродинамикалық контейнері бар аса жылдам көлік технологиясын әзірлейді.
Солтүстік Голландия провинциясында жүргізілген жаңа зерттеулерге сәйкес, жоба 2028 жылы жұмысын бастай алады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл жоба экономикалық жағынан тиімді болады.
Жылдам көлік технологиясы әр бағытта сағатына 200 мың жолаушыны тасымалдай алады. Жаңа көлік түрі поездбен Амстердамнан Парижге баратын уақытты екі есе қысқартады. Hardt Hyperloop өкілдерінің айтуынша, Амстердамнан Эйндховенге жету - 15 минут, Дюссельдорфқа - 30 минутқа жуық уақыт, ал Брюссельге жету үшін бір сағаттан аз уақыт кетеді. Мұндай уақытты үнемдеу жүйесі Солтүстік Голландия провинциясының ІЖӨ-ге қосымша 275 миллиард еуро әкеледі деген болжам бар.
«Біз адамдардың жұмысқа бару үшін ең көп дегенде бір сағат уақыт жұмсайтынын білеміз. Жоғары жылдамдықты гиперцикл арқылы осы уақыт ішінде әлдеқайда үлкен қашықтықты еңсеруге болады. Бұл көп үміт сыйлайтындай естіледі. Сондықтан біз осы зерттеуді алға жылжыту үшін басқа билік органдарымен талқылауларға қатысамыз», - деді Солтүстік Голландия провинциясының жергілікті билік органының өкілі Йерун Олтоф.