Тағзым • 08 Сәуір, 2024
2008 жылы «Шалқар» радиосына бас редактор болып жұмысқа келдім. Сол кезде Қазақ радиосына қызмет ауыстырып, бағдарламалар директорының орынбасары, кейін Қазақ радиосының бас редакторы болып тағайындалған Саясат Бейісбай ағамен жақын танысып, қоян-қолтық араласып кеттім. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, мінезі сабырлы, кішіпейіл, жұртшылықпен тіл табыса білетін қамқор ағамның журналистік жолы да жастар үшін өте қызғылықты. Еліміз азаттығын алған сәттен бастап, әлемнің көптеген елдерін аралап, тұщымды жолсапарларын жұртшылыққа тарту етті.
Көрме • 08 Сәуір, 2024
Жұрт көрмегенді көңілмен оқитын суретшілер қауымы ел рухының шежіресін кескіндеп келеді. Қарт тарихтың түбінен сыр қозғаған сара таланттар әр құнды сәтті болашақ сарайына тасушы көпір іспетті.
Төтенше жағдай • 08 Сәуір, 2024
Су тасқыны жағдайында азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?
Су тасқыны болған өңірлердегі сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізіліп, азық-түлік пен қажетті тауарлар қорлары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 08 Сәуір, 2024
Элмар БӨРІБАЕВ: Шынайы өнерде шекара жоқ
Әйгілі музыкалық әулеттің ізбасары Элмар Бөрібаев – жоғары кәсібилігі мен шеберлігін паш етіп келе жатқан дарынды дирижер. Соңғы жылдың өзінде ол Иржи Килианның «Кіші өлім» бірегей балетінің, Цезарь Кюидің «Етік киген мысық» операсының қоюшы дирижері атанып, Гаэтано Доницеттидің «Дон Паскуале» операсында дирижерлік дебютін жүзеге асырды. Ол «Шопениана», «Шехеразада», «Сильфида» спектакльдеріне ғана емес, сонымен қатар гала-опералар мен гала-балеттерге де дирижерлік етеді. Ал бұл – көпшілік білетіндей, айрықша ыждаһаттылық пен ауқымды материалды зерттеуді талап ететін аса күрделі міндет. Енді міне, 13-14 сәуір күндері жас маэстро Л.Минкустың «Дон Кихот» балетімен дирижер тұғырына көтеріледі. Аталған спектакльдегі Элмар еңбегі – оның дебюті. Махаббат пен ерлік туралы айтулы классикалық хикая жас маэстроның жетекшілігімен жаңа бояуларға ие болмақ. Операның қыр-сырын дирижердің өзінен сұраған едік.
Елорда • 08 Сәуір, 2024
Елордада көктемгі экологиялық айлық өтеді
2024 жылғы 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада «Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі»айлығы өтеді. Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.