Төтенше жағдай • 08 Сәуір, 2024

Су тасқыны жағдайында азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны болған өңірлердегі сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізіліп, азық-түлік пен қажетті тауарлар қорлары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны жағдайында азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынына сәйкес, ел өңірлерінде әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуі тіркелмеген.

«Министрлік су тасқынынан зардап шеккен 10 облыста азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық түлікпен қамту жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізілді, азық-түлік және ең қажетті тауарлар қорлары тексерілді», деді Сауда және интерграция министрлігінің ресми өкілі Әлия Абдрахманова.

Оның сөзінше, су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шеккен. (Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 22, Ақтөбе облысында - 9, Атырау облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 13 нысан). Қазір залал сомасы нақтыланып жатыр. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

«Министрлік тұрақты негізде сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және көтерме сауда нүктелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Күн сайын азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тауар, азық-түлік бағасының өсу фактілері анықталған жағдайда 8(7172)74-37-35 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз», дейді ресми өкіл.