Аймақтар • 05 Сәуір, 2023
Атырау қаласының маңында Тасқала деп аталатын елді мекен бар. Мұндағы орта мектепке қазақтың ғылыми журналистикасының негізін қалаған ғалым Тауман Амандостовтың есімі берілген. Аталған білім ордасының 11-сынып оқушысы Дария Болатқызы асау үйретіп, ат үстінен садақ атып жүр.
Руханият • 05 Сәуір, 2023
Ақаңның дәрісі, Смағұлдың төрелігі, Міржақыптың дауысы
Ұлт тәуелсіздігі, намысы, мұраты жолында жан алысып, жан беріскен Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Смағұл Садуақасұлының тұлғалық болмысы, санаткерлік қызметі, ұстаздық, білімділік мәдениеті, шеберлігі, ойлау, сөйлеу, даналық деңгейі, ұшқырлық қабілеті елшілдіктің ерен үлгісі дер едік.
Музей • 05 Сәуір, 2023
Балдырған суретшілердің қолтаңбасы
Алматыда өнердің әр бағытынан өріс тапқан шығармашыл жастар аз емес. Олардың ізін басқан балдырған буын ішінде, әсіресе бейнелеу өнеріне ден қойған талантты балаларды айрықша атар едік. Мыңбояудан тылсым іздеген кішкентай шеберлерге өзара тәжірибе алмасатын рухани орта қажет. Миллиондар тоғысқан мегаполистегі мәдениетіміздің басты ошағы Мемлекеттік Орталық музей өнер сүйген өрендерге осындай мүмкіндік сыйлады.
Сұхбат • 05 Сәуір, 2023
Есетжан ҚОСЫБАЕВ: Бізге Кинематография комитеті керек
Наурыз айының басында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу үшін кезекті, атап айтқанда бесінші рет өтінімдер қабылдауды жариялады. Орталық жұмысындағы жаңалықтарды бөліскен «ҰКҚМО» КеАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевпен жүргізілген әңгімеде талқыланатын мәселелер ауқымы әлдеқайда кең екені аңғарылды.
Сұхбат • 05 Сәуір, 2023
Адамзат сақталса, сөз сақталады
Әдебиеттің шекарасыз әлем екенін бәрі мойындады. Ал енді оның сапасы мен уақыт талабына, замана көшіне ілесуіне де назар аударатын кез келді. Артық айтпасақ, аптасына бүкіл дүниежүзінде неше жүз мың кітап баспадан шығып, оқырманға тарайды екен. Ал оның кейінгі халі нешік? Ол туралы да сұрақ көп, сауал сан. Бүгінгі дөңгелек үстел басында біз қазіргі романдар, балалар әдебиетінің маңызы және көркем шығарма ұлтты тәрбиелей ала ма деген өзекті сауал туралы ой қорытамыз. Қатысушылар алты мемлекеттің қаламгерлері. Олар – Ибраһим Фарғали (Иран), Андре Бабин (Канада), Лю Лянчэн (Қытай), Айгүл Кемелбаева (Қазақстан), Это Тедиашви (Грузия), Жавлан Жойлов (Өзбекстан).