Көрме • 05 Сәуір, 2023
Ұлттық музейде «Италиялық ренессанс – мәңгілік сұлулық» цифрлық иммерсиялық көрмесі ашылды. Іс-шара Италия мен Қазақстан арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық шеңберінде италиялық Қайта өрлеу дәуірінің суретшілеріне арналған. Италия Елшілігі және ENI Group компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған көрме цифрлы бейнетүсірілім түрінде өтті.
Тұлға • 05 Сәуір, 2023
Қазақ даласында ғылыммен айналысқан тұлғалар жетерлік. Соның бірі – Мойсей Гендельман. Ол ауыл шаруашылығы саласында өнімді еңбек етіп, жерге орналастыру ғылымының негізін қалаған. Осы орайда Астана қаласы мемлекеттік архивінде ғалымның 100 жылдығына арналған «Шексіз өлке майталманы» атты дөңгелек үстел өтті.
Театр • 05 Сәуір, 2023
«Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында ұлы күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған «Құрманғазы – рухты саздың сардары» атты концерт өтті.
Пікір • 05 Сәуір, 2023
Баспана жыры тұрғындарды тығырыққа тіреді
Жақында «Қарағандыда заңсыз салынып жатқан 7 үйдің құрылысы сот шешімімен тоқтатылды, тағы 3 үйге қатысты материал қаралып жатыр» деген ақпарат жарияланды. Үйлердің аты аталып, түсі түстелген тізім де қоса шықты. Артынша редакциямызға алаң көңіл тұрғындар хабарласа бастады. Айтуларынша, қарақұрым халық аталған үйлердің пәтерлеріне ен салып, ақысын төлеп те қойған. Арасында бүгін-ертең кілті берілетін үйлер де бар. Кейбірі – бір емес, бірнеше ғимараттан тұратын тұтас кешен.
Ауыл • 05 Сәуір, 2023
Ауылдың қазіргі ахуалы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та халыққа жолдауларында ауыл мәселесіне ерекше тоқталып, әркез көңіл аударып келеді. Кейбір облыстардағы болашағы жоқ делініп, мүлдем тарап кеткен ауылдарды көріп жүрегің сыздайды.