Технология • 29 Сәуір, 2020
Отандық IT-мамандардың қолғабысы
Төтенше жағдай кезінде IT-компаниялар коронавирусты таратуға қарсы әрекет ету, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, қашықтан оқыту және т.б. салаға бағытталған 50-ден аса әзірлемені жасап, кейбірін жетілдірді.
Коронавирус • 29 Сәуір, 2020
CoronaApp – коронавирусты онлайн диагностикалау сервисі
BTS Digital компаниясы әзірлеген қазақстандық Aitu мессенджерінде CoronaApp сервис-боты пайда болды. Онда айтулы кеселге байланысты барлық өзекті мәліметтерді табуға, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әдіснамасы бойынша жедел диагностикадан өтуге, ауру жөнінде не білетініңізді тексеріп, пайдалы ресурстарға сілтемелер алуға болады. Сервис дертке қатысты дәйекті ақпараттандыру және медицина мекемелеріне түсетін салмақты жеңілдету мақсатында құрылды.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Аграрлық мәселелерді шешетін жоба
Сәт сайын ғылым дамып, өркендеп келеді. Әрбір саланың күрделі мәселелеріне қатысты жауапты да ғылымнан табуға болады. Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Аяулым Әділова банан мен апельсин қалдығынан ауыл шаруашылығына қажетті органикалық тыңайтқыш өндіруді ұсынуда. Жас ғалым күнделікті тұрмыста пайда болатын қалдықтарды, соның ішінде банан мен апельсин қалдықтарын тыңайтқыш ретінде қолдану арқылы бірқатар аграрлық мәселені шешуге болатынын айтады.
Руханият • 29 Сәуір, 2020
Өмірі өзін өзі алдаумен өтіп жатыр...
Күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы бірталай сын-пікір айтылып та жатыр. Шынтуайтына келгенде, онсыз өміріміздің мән-маңызы жоғалғандай. Бүгінгі таңда танымал әнші жұлдыздар, психолог-коучтер, бизнес-тренерлер өзінің семинар-сабақтарын Instagram желісінде жарнамалап, айналымға түсіруде. «Ебін тапқан екі асар» деген осы болса керек-ті. Үйдегі күйбең тіршіліктің иіріміне түсіп кеткен аналарымыз бен қыз-келіншектердің қолы босай қалса семинар-сабақтарға қатысып, кейде бір күнінің төрттен бір бөлігін осыған арнайды. Әрине бұл тек қала төңірегінде ғана... Дегенмен де психология саласын меңгермесе де психолог мамандардың нанын тауып жүрген жандар қаншама. Аттарын дардай қылып айтпасақ та көпшілікке мәлім.
Тарих • 29 Сәуір, 2020
Жаңаарқа ауданындағы Сәкен Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейінде халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Сәкен Сейфуллинге қатысты сирек және аса құнды жәдігерлер көздің қарашығындай сақталған.