«Қазір көбіне өсімдік шаруашылығында адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттар қолданылады. Оған балама ретінде биологиялық тыңайтқыш – банан мен апельсин қалдығын қолдануды ұсынамын. Зерттеу жұмысымның барысында түрлі тәжірибелер жасап, оң нәтижелерге қол жеткіздім», дейді Аяулым Әділова. Жас ғалым химия пәнінің мұғалімі Эльмира Әкімованың жетекшілігімен тәжірибелер жасап, аталған органикалық қалдықтардың пайдалы элементтерге бай екенін және шаруашылықтағы тиімділігін анықтапты. Сонымен қатар Аяулым сәуір айында өтетін ІII халықаралық «Химик-зерттеуші» үздік ғылыми жоба сайысына шақырту алған екен. Бүгінде аталған шараға дайындық үстінде. «Еліміз қауіпті індетті еңсеріп, карантин аяқталса, міндетті түрде жарысқа қатысамыз деп отырмыз. Қазір оқушым екеуміз күнделікті Skype арқылы кездесіп, жобаны дамыту үстіндеміз», дейді пән мұғалімі.
Жамбыл облысы