Туризм • 05 Сәуір, 2023
Туризмді дамытудың жөні – жолды түзеу
Туризмге әлемдік жиынтық өнімнің 10 пайыздайы тиесілі, яғни бұл сала мұнай және мұнай өнімдерін, автокөліктерді экспорттаудан кейінгі үшінші орында. Алайда «World Travel Tourism Council» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша Қазақстандағы туризм ішкі жалпы өнімінің 5,2 пайыздайын ғана өндіреді. Көздің жауын алатын тамылжыған табиғаты, көне заманнан қызғылықты сыр шертетін тарихи-мәдени орындары көп елімізде туризмнің зор әлеуеті толық пайдаланылмай отырғаны қынжылтпай қоймайды.
Қаржы • 05 Сәуір, 2023
«Ұлттық қор – балаларға»: 18 жасқа толған соң ақша қалай беріледі?
Өскелең ұрпақ үшін ұлттық байлықты біркелкі бөлу мақсатында құрылған Ұлттық қор қаржысының енді бір бөлігі балаларға арнап жиналмақ. Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі. Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.
Құқық • 05 Сәуір, 2023
Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қазіргі таңда қылмыс жасады деген күдікке іліккен 2,5 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған екен. Жалпы, соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамды іздеуде.
Денсаулық • 05 Сәуір, 2023
Балаларды оңалтатын қос орталық
2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай Шымкент қаласында медициналық әлеуметтік маңызы жоғары екі бірдей мекеменің тұсауы кесілді. Бірі Аутизмі бар балаларға арналған, екіншісі – «Қамқорлық» ерте араласу орталығы.
Музей • 05 Сәуір, 2023
Ұлттық музейдің ұтымды дәстүрі
Бүгінгі заман талабы – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу. Әрине, бұл мақсатта қазір балаларға арналған түрлі орталықтар жұмыс істейді. Мұндай орындарда жас өскіндер қоғаммен араласып қана қоймай, өздерін жаңа қырынан да танып үйренеді. Жаңа тынысы ашылады. Яғни қосымша орталықтар мен үйірмелердің балаға берер пайдасы көп. Астана төріндегі Ұлттық музей де балаларға ұлттық тәрбие беру мен дамыту іс-шараларынан кенде емес.