Шаруашылық • 04 Сәуір, 2023
Күн қызып, әне-міне дегенше дала төсінде қызу еңбектің қазаны қайнағалы тұр. «Жылда арманда қалатын» диқан қауымның биылғы үміті ақтала ма?» «Сындарлы науқан өз деңгейінде өте ме?» деген сауалдардың жауабын осы саланың жілік майын шағып, зерттеп-зерделеп жүрген сарапшы Алмасбек Садырбай мырзадан төмендегідей жауаптар алдық.
Қаржы • 04 Сәуір, 2023
Ипотека қаншалықты қолжетімді?
2022 жылдың қорытындысы бойынша, бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтылу көрсеткіші 23,4 шаршы метрді құраған. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес бұл көрсеткіш 30 шаршы метрден асуы тиіс. Біздің елдегі баспана алудың бірегей жолы – ипотека және бұл заңдылықтың жақын арада өзгере қоюы екіталай.
Несие • 04 Сәуір, 2023
Тұтынушылық несиеге сұраныс көп
Ел тұрғындары арасында ең танымал несие өнімдерінің бірі – кепілсіз және қаражатты пайдалану мақсатына шектеусіз тұтынушылық несиелер. Кез келген мақсатқа кепілсіз тұтынушылық несиені қазіргі уақытта елдегі 21 екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) 12-сі ұсынады.
Қаржы • 04 Сәуір, 2023
Желге ұшқан миллиардтар немесе қаржы пирамидасын қалай анықтаймыз?
Қаржы пирамидалары не түрлі ұйымның атын жамылып, әралуан бейнеде көрініс беріп жатады. Содан да болар, аңдаусызда олардың құрығына түсетін адамның да қарасы қалыңдап барады. Қысқасы, қаржы салып, тезірек баю жолын ұсынған кез келген жобаға үлкен күмәнмен қарау керек. Шындап келгенде, алаяқ ұйымдардың белгісін тану да аса қиын іс емес.
Пікір • 04 Сәуір, 2023
Әлемде әлеуметтік желінің дәурені басталғалы да біраз уақыт болды. Қолданушыларының саны да жыл сайын артып келеді. Танымал он шақты әлеуметтік желінің аудиториясы мен оны қолданудың мақсаты әртүрлі. Десек те, ең алдымен олар – ақпарат алаңы. Ал бара-бара бұл желілерді өзіміздің ыңғайымызға бейімдеп алғанымыз рас. Ақпарат көзінен табыс көзіне негіздедік. Соңғы кездері тіпті ақпарат көзі «ұрыс» алаңына айналып бара жатыр.