Несие • 04 Сәуір, 2023

Тұтынушылық несиеге сұраныс көп

581 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел тұрғындары арасында ең танымал несие өнімдерінің бірі – кепілсіз және қаражатты пайдалану мақсатына шектеусіз тұтынушылық несиелер. Кез келген мақсатқа кепілсіз тұтынушылық несиені қазіргі уақытта елдегі 21 екінші деңгейлі банктің (ЕДБ) 12-сі ұсынады.

Тұтынушылық несиеге сұраныс көп

Сегменттегі жылдық тиімді сыйақы мөлшер­леме (ЖТСМ) ең төменгі мөлшерлемесін Bereke Bank ұсынады: 8,38%-дан бастап. ЖТСМ-і тартымды банктердің ішінде екінші орында – «Еуразиялық банк» (12,9%-дан бастап) және «ЦентрКредит банкі» (14%-дан бастап). Бұл ретте сегменттегі орташа ЖТСМ алдыңғы үштіктің көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары: 23,66%-дан бастап.

Кепілсіз несиелер

 

минималды

максималды

орташа

танымал

Тиімді мөлшерлеме (%)

8,38%

41,20%

23,66%

-

Минималды мерзім (ай)

3

12

6

6

Максималды мерзім (ай)

78

84

64

60

Минималды сома

(мың теңге)

100

200

92

150

Максималды сома

(мың теңге)

1 000

10 000

7 000

7 000

 

Ең көп алынатын несие мерзімі – 60 ай. Мұндай мерзім сегменттегі 12 ЕДБ-нің 8-інде тіркелген. Соның ішінде Bereke Bank пен  «ЦентрКредит банкі» бар. «Еуразиялық банк» несиені 72 айға дейін ұсынса, Bank RBK және Банк ВТБ-ның мерзімі 84 айға дейін созылады.

Бұл ретте Bereke Bank, Jusan Bank және Altyn Bank-тегі ең жоғарғы несие сомасы – 8 млн теңге. Bank RBK мен Home Credit Bank барлық талапқа сай келетін клиенттеріне 10 млн теңгеге дейін қарыз бере алады.

Жыл басында елдегі тұтыну несиелерінің жалпы көлемі 7,7 трлн теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2%-ға артық. Айтарлықтай өсімге қарамастан, сегменттегі өсу қарқыны төмендеді: мысалы, 2021 жылы тұтынушылық несие портфелі 40% болса, 2020 жылы 32,3%-ға өскен еді.