Руханият • 29 Сәуір, 2020
Қазіргі қоғамда орынды-орынсыз мақтау көп. Мақтансүйгіштік – өзін байсалды тұлға ретінде сезіне алмайтын, жетілмей қалған иллюзиясын толтырудың басқа тәсілін таппаған пенделерге тән. Бізге Алла тағаланың әмір-үкімін жеткізуші Мұхаммед пайғамбардан жеткен өсиеттің бірінде «Жаратушының ең жек көретін нәрсесі – мақтан және мақтан үшін жасалған амалдар» дейді. Демек жалған мақтау – күнә.
Таным • 29 Сәуір, 2020
Мен біраз уақыт шетелде тұрдым. Бірнеше мемлекеттің өмір сүру салтымен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Қазір де шетелге жиі шығып тұрамын. Сонда байқағаным, әр елдің заңмен айқындалған ішкі өмір сүру тәртібі болатыны секілді, кез келген халықтың өзіне тән амандасу дағдысы да бар.
Руханият • 29 Сәуір, 2020
Ұлтты құртатын жадағайлық, жалт беріп кететін, өзімшілдіктің құрдым құлына айналған рухсыздық. Керісінше болса, кемелдіктің көкжиегінде табаныңды нық тіреп, қадамың аршынды болады. Мерейің үстем тұрады.
Руханият • 29 Сәуір, 2020
Бала тәрбиесіне барынша мән-маңыз берген бабаларымыз ұлттық тәрбиенің озық үлгісін қалыптастырып, оны ұрпақ бойына сіңірудің тиімді жолдарын көрсеткені белгілі. Ұйықтауға жатқан сәбиді бесік жырымен әлдилеп, сол арқылы атадан қалған асыл мұра – ана тіліміздің қасиетін ұғындыра бастау керегін көрегендікпен айтқан. Оған «тәрбие тал бесіктен басталады» деген тағылымды сөзін де қосыңыз.
Қоғам • 29 Сәуір, 2020
Қара малдың ғана сүтін кәдеге жаратқан жалпақ жұртқа ешкі сүті таңсық. Дегенмен Шекшек ата сүтінің құнары, адам ағзасына пайдасы әлдеқашан дәлелденген. Есіктен кіріп төрге озған коронавирус індеті кезінде әр ұлт өзінің ұлттық тағамдарын пайдаланғаны дұрыс деген пікір орынды айтылып жүр.