Талбесік • 26 Сәуір, 2024
Тозығы жеткен техника орман шаруашылығының кәдесіне жарамайды
Жаздың шуақты күндері жақындаған сайын Ертістің орманды өңірлеріндегі ауыл халқы айрықша алаңдап отыр. Себебі былтыр Абай еліндегі алапат өртке тап болған жалқарағай ормандары Павлодар өңірімен шектесіп жатқаны мәлім. Өкінішке қарай, 277,9 мың гектар орманды жерге жауапты «Ертіс орманы» резерватының өртке қарсы дайындығы мәз болмай тұрған тәрізді. Тек бұл ғана емес, облыстағы өзге де орман қорғау мекемелерінде шикіліктер анықталды.
Олимпиада • 26 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: меже – 80 жолдама
Еліміздің спортшылары тәуелсіздіктен бері жазғы Олимпия ойындарына осымен сегізінші мәрте ат байлайды. Батыс Еуропаның баурайында, Парижде өтетін доданың да дүбірі таяп келеді. Бұған жолдама үлестірер лицензиялық сайыстар да сиреп жатыр. Бүгінге дейін спортшыларымыздың еншісінде бірнеше спорт түрінен олжалаған 43 жолдама бар. Ендігі қайратымыз қандай болмақ? Олимпиада басталғанға дейін де лицензия берілетін іріктеу додалары өтеді. Демек, әлі де жолдама санын еселеудің мүмкіндігі туады.
Талбесік • 26 Сәуір, 2024
Алматыдағы Ботаникалық бақта сирек кездесетін Регель қызғалдағы гүлдеді. Шу-Іле тауларының тасты және жартасты беткейлерінде өсетін эндемикалық гүл еліміздің Қызыл кітабына енген.
Су тасқыны • 26 Сәуір, 2024
Оралдағы әскер Атырауға аттанды
Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 859 см болып, бір тәулікте 2 см-ге төмен түсті. Бірақ әлі қауіпті шектен жоғары.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2024
Қалпына келтіру жұмысы қарқынды
Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында облыстың жауапты басқарма басшылары тасқын судың салдарынан бұзылған жол, үзілген электр желілері мен интернет байланысын қайта қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баян етті.