Білім • 04 Сәуір, 2023
Көктемгі ҰБТ қорытындысы жарияланды
Наурыз ҰБТ-сын 111 мыңға жуық адам тапсырды. Оның ішінде түлектердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 141 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 04 Сәуір, 2023
4 сәуірге арналған валюта бағамы
Ұлттық банк валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Сәуір, 2023
Жанар-жағармай бағасын қымбаттату тапшылықты жоя ала ма?
Энергетика министрлігі елде жанар-жағармай бағасының өсетінін жариялады. Министрдің міндетін атқарушы Болат Ақшолақовтың пікірінше, еліміздегі бензин бағасының көрші елдердегі бағадан айырмашылығы азайғанда ғана ішкі нарықтағы ахуалды тұрақтандыруға болады. «Қазір өңірдегі ең арзан бензин мен дизель отыны бізде сатылады. Бұл фактор отандық жанар-жағармайдың заңсыз жолмен шекара асуына себеп болып отыр. Бұл өз ішімізде үлкен тапшылық тудырып жатыр. Біз әкімшілік реттеудің бұдан былай қауқар қыла алмайтынын көріп отырмыз, сондықтан соңғы қадам – бөлшек бағаны көтеру тетігіне жүгініп отырмыз», деді Б.Ақшолақов.
Субсидия • 04 Сәуір, 2023
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Ол тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру немесе қайта өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша тауарлардың бекітілген тізбесіне сәйкес қызметін жүзеге асыратын субъектілерге ғана субсидия беруді көздейді.
Білім • 04 Сәуір, 2023
Оқу үдерісін цифрландырудағы олқылық
Республика өңірлерінде интернеттің қолжетімсіздігінен орта білімдегі оқу үдерісін толықтай цифрландыру мүмкін болмай отыр. Ақпараттық технологиялардың жетіспеушілігі қала мен ауыл балаларының білім сапасына да кері әсерін тигізу үстінде.