Экономика • 29 Сәуір, 2020
Шикізат пен азық-түлік бағасы теңесуі мүмкін бе?
Жаһанды жаппай COVID-19 пандемиясы белең алғалы экономикасы шикізатқа тәуелді елдердің жағдайы күн санап қиындай түсуде. Энергетика мен бағалы металдар бағасының арзандауы өз алдына, қара алтын саналатын мұнайдың құлдырауы тізімнің көшін бастап тұр. Дүниежүзілік банктің дайындаған кезекті баяндамасында жақын арадағы әлемдік экономикалық ахуалға болжам жасалып, дамушы елдердің ендігі басымдық беруі тиіс секторлары айқындалды.
Қоғам • 29 Сәуір, 2020
Көмектің игілігін көріп жатырмыз
Мен тігіншілікпен айналысамын. Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бері жұмысым тоқтап қалды. Аудандық ауруханада жұмыс істеген жолдасым да жұмыссыз қалды. Оны ақысыз демалысқа жіберді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Қоғамдық қабылдау онлайн өтуде
Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тағайындалған 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны 430 мыңнан астам тұрғын алған. Бұл көрсеткіш өсе түсері сөзсіз, яғни өтінімдер бойынша жұмыс жалғасуда.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Мемлекет жәрдемі – көп отбасы үшін мүмкіндік
Қызылорда облысында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекет қолдауы дер кезінде жетуі үшін жүйелі жұмыс жасалып жатыр. Осы күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандары карантин талаптарын барынша сақтай отырып, қауырт жұмысқа көшкен.
Коронавирус • 29 Сәуір, 2020
Үздік жобалар Үкіметке ұсынылады
«Стоп-Коронавирус» онлайн-байқауының нәтижелері бойынша бірқатар жоба қазылар алқасының ең жоғары бағаларына ие болды: ДНҚ гендерінің топтамасын құру, реагенттер жиынтығын алу, вирусты анықтаудың жоғары сезімтал жүйесін жасау, аурудың әртүрлі деңгейіндегі диагностика тәсілдерін пайдалану, вирусқа қарсы препаратты әзірлеу, биоыдырайтын материалдан қолды қорғау құралдарын жасау, қазақстандық диатомитті пайдалана отырып респираторлық маскаларды жасау және коронавирустың ауыр түрлерін емдеу барысында биомедициналық жасушалық өнімді қолдану.