Қоғам • 03 Сәуір, 2023
Алматыдағы Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында күйші-композитор Боранқұл Қошмағанбетұлының 100 жылдығына арналған музыкалық кеш өтті. Аталған іс-шараға күйшінің ұрпағы, шәкірттері, қоғам қайраткерлері қатысты. Музыка орталығына Боранқұл Қошмағанбетұлының жеке домбырасы сыйға тартылды.
Қоғам • 03 Сәуір, 2023
Өмірден өткенімен, көңілден өшпейтін адамдар болады. Сондай жанның бірі – Нури Муфтах. Саналы ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған белгілі қаламгер, фельетоншы «Egemen Qazaqstan» газетінде де жемісті еңбек еткен.
Жәдігер • 03 Сәуір, 2023
Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың аңыз-ғұмыры жұртқа аян. Қара күші тасыған тұла бойы таланттан да кенде емес. Өзі әнші, өзі сері, өзі сазгер. Сазгер дегенде, әрине, балуанның «Ғалиясы» еске түседі: «Айым да сен, Ғалия, күнім де сен, Оң қабағым тартады күлімдесең...»
Медицина • 03 Сәуір, 2023
Елімізде соңғы бес жылда аутизмі бар балалардың саны екі есеге артқан. Кеше Павлодар қаласында «Қазақстан халқына» қорының «Қамқорлық қоры» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларының ұйытқы болуымен аутизмге шалдыққан және басқа да менталды кемістігі бар балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Бұған қоса бірқатар медициналық мекемеге шала туған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жүргізу және ретинопатиясын емдеуге арналған жабдықтар тарту етілді.
Мәселе • 03 Сәуір, 2023
Риддердегі жылу қазандығынан тағы да өрт шығып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Өрт бір емес, бірнеше қазандықтан шыққан. Артынша отын беру жолында да жарылыс болды. Демек жылу электр орталығының жаңа иелері жүктелген жауапкершілікті ойдағыдай орындай алмаған.