Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері мұз жару жұмыстарына қатысты
Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кирпичный тұрғын алабында орналасқан «Green Land» демалыс аймағына жақын жерде Елек өзенінің бетіндегі мұз қатпарларын жару жұмыстары жүргізілді. Оған Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 3 сапері мен 4 техникасы қатысты. Бұдан бөлек қауіпсіздік үшін аймақты қоршау шараларына 29 жауынгері бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2024
Ұлытау облысында түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптағаны анықталды
Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды азаптағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Биыл Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтіледі
Биыл өңірдің шекарасын кеңейту жоспарланғанын Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай аппараттық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Бейнеуде газ жарылып, үй қирады: қайтыс болған адам бар
Бейнеу ауылында газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі оқиғаның алдын ала себептерін атады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2024
Бишімбаевтың соты халық арасында үлкен шу туғызды - психолог
Психологтер неліктен Қуандық Бишімбаевтың соты мыңдаған халықтың қызығушылығын тудырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.