Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Биыл Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтіледі

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл өңірдің шекарасын кеңейту жоспарланғанын Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай аппараттық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Маңғыстау облысының шекарасы кеңейтіледі

Фото: Тұрар Қазанғапов, ©️Tengrinews.kz

Аталған облыстың шекарасы ресми түрде 2024 жылдың қаңтарында кеңейтілді, енгізілген аумақтың жалпы көлемі 722 мың гектарға жуық. Аталған учаске еліміздің су қоры жерлерi санатына жатады және Қазақстан шекарасында өзгерiстер тудырмайды.

«Биыл аймақ шекарасын кеңейту жұмыстарын жалғастыру жоспарланған. Қазақстанның Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен сыртқы шекарасын және Маңғыстау облысы шекарасын есептеу үшін осы жылы облыс аумағына жалпы көлемі 1 миллион 638 мың гектар жер учаскесін қосу жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, ол бастапқы желілер арасында 12 теңіз милін құрайды», деді Нұржан Қаржаубай.