Сайлау • 27 Сәуір, 2019
Дания Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгерген
Лингвистикалық комиссияның кезекті отырысына "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясының қоғамдық бірлестігі атынан келген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Дания Еспаева мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтауы үшін емтихан тапсырды. Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтті: тақырып бойынша жазбаша тапсырма жазу, мәтін оқу және лингвистикалық комиссия берген тақырыпқа сай көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу.
Хоккей • 27 Сәуір, 2019
Ерлан Қошанов «Сарыарқа» хоккей клубын құттықтады
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Сарыарқа» хоккей клубының басшылығы мен ойыншыларын қабылдап, ұжымды Ресейдің ЖХЛ тұрақты чемпионатының бас жүлдесі – Петров кубогының жеңімпазы атануымен құттықтады.
Қоғам • 27 Сәуір, 2019
Қостанай облысында шағын жабдықталған мектептер қатары көбейген
Ауылдан ел көшкелі шағын жабдықталған мектептердің өзектілігі төмендеген емес. Олар облыстағы орта білім ошақтарының 2016 жылы 68, 2017 жылы 68,3 процентін құраса, 2018 жылы бұл көрсеткіш 68,7 процентке жеткен. Қазір осындай 346 мектепте 21597 бала білім алады. Ал солардың ішінде 106 мектеп мемлекеттік нормативке сәйкес келмейді, облыстың барлық шалғайында кездесетін осындай мектептерде 4459 оқушы білім алуға мәжбүр.
Экономика • 27 Сәуір, 2019
Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға қатысты уақытша келісімді күшіне енгізетін заңды еліміздің жоғары палатасы мақұлдады.
Экономика • 27 Сәуір, 2019
Ұлттық банк қазақстандық банктердің жұмысын тексерді
Ұлттық банкте 2019 жылғы бірінші тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз бөлімі.