Украиналық азаматтар мұнан басқа шекаралық аймақта шекаралық режимді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жедел-профилактикалық шараның алғашқы күні-ақ облыс өңірінде Әкімшілік кодексінің 517-бабы бойынша шетелдіктердің және Қазақстан азаматтығы жоқ адамдардың көші-қон заңнамасын бұзғаны жөнінде 32 іс тіркелді. Олардың барлығы ТМД елдерінің азаматтарына қатысты болды.