Үкімет • 26 Сәуір, 2019

Ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

899 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Ресей Фе­де­ра­циясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ре­сей Үкіметінің Төр­ағасы Дмитрий Мед­ведевпен келіс­сөз жүргізді, деп ха­бар­лады Қазақстан Премьер-Министрі­нің баспасөз қызметі.

Ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Кездесуде екіжақты ын­ты­­мақ­тас­тықтың өзек­ті мәселелері тал­қы­­лан­ды. Атап айтқанда, сау­да-эконо­микалық сала­да­ғы, инвес­ти­циялық ынты­мақ­тастықтағы, өнер­кәсіп­тік коо­перациядағы, көлік-транзит сала­сын­дағы, ға­рыш қызметіндегі өзара іс-қи­мылды одан әрі нығайту жә­не арттыру, шекара маңы ынты­мақтастығын және ай­мақ­аралық байланыстарды дамыту мәселелері қаралды.

«Екі ел арасындағы ашық сенімді қатынастар Қа­зақ­станның Тұңғыш Пре­зи­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ре­сей Президенті Вла­димир Пу­тин­нің стратегиялық бағ­дар­ы­на сүйене отырып, барлық са­лада қарқынды дамып ке­леді», деді Қа­зақстан Пре­мьер-Министрі. 

А.Мамин «Қазақстан Пре­зиденті Қ.Тоқаевтың Мәс­кеуге жуырдағы ресми сапары және жоғары дең­гейде өткен келіссөздер екі елдің стратегиялық өзара іс-қимылының одан әрі да­муына қосымша серпін бергенін» айтып, «бірлескен белсенді жұмысқа ба­ғыт­тал­ған, қол жеткізілген уағ­да­лас­тық­тардың маңызын, бүгінгі кездесудің атал­ған уағдаластықтарды іске асы­­ру­дың тәжірибелік қадамдарын талқы­лау­­дың жақсы мүмкіндігі» екенін жет­­кізді. 

Ресей Үкіметінің Төрағасы Д.Мед­ведев Қа­зақ­стан Премьер-Минис­трінің Мәскеуге сапарының бір­қатар стра­тегиялық міндетті талқылап, шешудегі, тек екіжақты форматта емес, сондай-ақ ЕАЭО аясында күн тәртібінде тұрған ау­қым­ды бағдарламаларды іске асырудағы маңызын атап өтті.

«Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктесі», – деп атап өткен А.Мамин, «сау­да-эко­но­микалық ынты­мақ­тастықтың даму қарқынын сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейтіп, екі мемлекеттің іскерлік орталары арасында тікелей байланыстар орнатып, үшінші елдердің нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет» екенін айтты.
Қазақстан мен Ресей ара­сындағы тауар айналымы 2018 жылы 17,6 млрд долларды құрады, бұл алдыңғы жыл­дың сәйкес кезеңінен 7,2%-ға жоғары.

Қазақстан Үкіметінің ин­вестициялар тарту бойын­ша қабылдаған жаңа шаралары тұрғысынан екі ел ара­сындағы инвестициялық ынтымақ­тас­тықты одан әрі ұлғайту жөнінде пікір алмасылды.

«Жаңа тәсілдер инвес­торлар үшін, соның ішінде ресейлік серіктестер үшін барынша қолайлы жағ­дайлар жасайды», деген А.Ма­мин, «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығының ЕАЭО аясында қаржылық бір­­лесу үшін, шетелдік ин­вес­­тицияларды тар­­­тып, Еу­ра­зия аймағының капитал на­­рық­­тарын дамытып, ілге­рі­летуге үл­кен перс­пек­ти­­ва­лары бар екенін жет­кізді. 

Ынтымақтастықтың та­быс­ты мысалы ретінде биыл сәуір айында АХҚО биржасында ресей­лік «Поли­металл» компания­сының қарапайым акцияларын орналастыруды айтуға болады.

Тараптар сауда-экономика сала­сын­дағы өзара іс-қимылды кеңейту­дегі Ынтымақтастық жөніндегі үкі­метаралық комиссияның рөлін атап өтті. ҮАК кезекті отырысы биыл маусым айында Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.

А.Маминннің Ресейге жұмыс сапары аясында Қазақстан Үкіметінің басшысы мен Ресей Үкі­меті бас­­шы­сының қаты­суымен «КамАЗ» көлік жаб­дықтары маркасы үшін тех­ника және оның құрам­дастарын өн­діру жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге Ресей Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары А.Морозов, Қа­зақ­стан Индустрия және ин­фрақұрылымдық даму ви­це-министрі А.Ер­жанов, «КамАЗ» ААҚ бас дирек­торы С.Когогин, Қазақ­стан ав­тобизнес қауымдасты­ғының пре­зи­денті А.Лав­рентьев, «БРК-Ли­зинг» АҚ басқарма төрағасы Н.Бай­базаров, «Tobol kz» ЖШС басқарушы директоры Д.Шүкіжанова қол қойды.

«Агромашхолдинг KZ» АҚ-ында «Кировец» мар­ка­сының тракторлары мен оның құрамдас бөлшектерін өндіруді ұйымдастыру» жо­басын іске асыру жөнін­дегі жол картасына «Аг­ро­машхолдинг KZ» АҚ дирек­торлар кеңесінің төр­ағасы А.Лаврентьев пен «Петербург трактор зауы­ты» АҚ директоры С.Сереб­ряков қол қойды.