Білім • 28 Сәуір, 2022
Пәндік олимпиада білім сапасын жақсартады
Білім мен интеллект бірінші орынға шыққан заманда елдің дамуын адам капиталы айқындайды. Бұл – ХХІ ғасырдың ақиқаты. Мұны озық елдердің тәжірибесінен көріп отырмыз. Бәсекелестік бәйгесіне ілесуде ұлттың зияткерлік әлеуеті маңызды рөл атқарады десек, елдің білім беру саласының сапасын арттыруда пәндік олимпиадалардың орны ерекше.
Білім • 28 Сәуір, 2022
NIS-те «Қазағымның әдебиеті» атты ауқымды жоба басталды
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қазақ әдебиетіне арналған «Қазағымның әдебиеті» атты ауқымды жобаны қолға алды.
Қоғам • 28 Сәуір, 2022
Біз көптеген ел басшыларының билікті сақтап қалу үшін конституцияны өзгертіп, сайлау нәтижелерін бұрмалап, басқа да шектен тыс әрекеттерге барғанының куәсі болдық. Олар мемлекетті басқару жеке басының меншігі емес, азаматтардың сенімі екенін түсінуі керек. Сіздер өз халқыңызға қызмет етулеріңіз керек! Демократияны шайқауды, елдің табиғи байлығын тонауды, қарсыластарыңызды азаптап, түрмеге жабуды доғарыңыздар! Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Муннің Бас Ассамблея жиынында айтқан сөзі
Экономика • 28 Сәуір, 2022
Бірер күн бұрын ғана «Банк ЦентрКредит» ресейлік еншілес банк «Альфа-банкті» сатып алғанын ресми мәлімдеді. БЦК акциялардың 100 пайызын сатып алу арқылы «Альфа-банктің» жаңа акционері атанып отыр. «Альфа-банк» АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, директорлар кеңесінің құрамынан өзінің өкілдерін шақыртып алады.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2022
Бизнеске ақылы автотұрақ та кедергі
Елорданың бизнес орталығын жалға алған кәсіпкерлер бас шаһарда ақылы автотұрақ көбейгенін, бұл құрылыс нормалары мен ережелерін бұзып қана қоймай, бірқатар шағын және орта бизнес субъектілерінің жабылуына қауіп төндіріп отырғанын жеткізді.