Руханият • 25 Сәуір, 2024
Қай елдің идеологиясы жоғары сол елден қорқу қажет. Себебі оны жау ала алмайды. Қоғамды сауатсыздықтан арашалап алуға талпынған сол заманның үгіт-насихат құралдары әлі де санамызда жаңғырып тұр. Қазір еркінбіз деп кеуде кергенімізбен, сол кезеңдегідей кітаптың қадіріне бойлай алмай отырмыз.
Кино • 25 Сәуір, 2024
Үш минутқа да толмайды екен ұзақтығы. Екі минут он жеті секунд қана. Бірақ британдықтар фильм деген айдар тағыпты. Екі жарым минуттың мөлшеріндегі түсірілім. Бейнеролик емес, бейнесюжет те емес – фильм. Қысқаметрлі бола ма, басқа анықтауыш қосыла ма, кино деген соң туындыға біз де назар тіктедік. Жілігі татымайды дей алмадық. Бір емес, екі емес, халықаралық төрт марапат беріліпті. Ағылшын режиссері Филип Сэнсом мен сценарист Олли Уильямстың бұл туындысының атауы да аса күрделі – «Қара құрдым», қысқаметрлі фильм 2008 жылы шығыпты жалғанның жарығына.
Мәдениет • 25 Сәуір, 2024
Ыңыранған-күңіренген беймағұлым дауыс жігіттің сай-сүйегін сырқыратып барады. Көмейіне өксік тіреліп жылағысы келе ме, қалай? Аспанның астын аңыратып бара жатқан ненің үні бұл сонша? Адамдікі ме, айуандікі ме? Белгісіз. Бір түсінгені, құмығыңқы қоңыр үн – бұл дүниенің дәргейінен емес. Бұл – Тәңірлік әлемнен жеткен тылсым әуен...
Жәдігер • 25 Сәуір, 2024
Тұрар Рысқұловтың Ташкентте сақталған диктанты
Тұрар Рысқұлов тұлғасы жылдар өткен сайын елшіл ұрпаққа жақындай түседі. Оның азаматтығы, халқының болашағы үшін батыл да қайсар, қажырлы да қайратты болғандығы – ұлтын сүйгендерге үлгі-өнеге. Бүгін ұлы тұлғаның өмірі мен қызметі туралы білгісі келетін үлкен де кішінің көбеюі осы ойымызды айғақтайды.
Пікір • 25 Сәуір, 2024
Кейінгі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында ұйымдастырылған 15 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шараның барлығы «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, ұлттық бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған. Басты міндет – этностарды азаматтық негізде біріктіру.