Бизнес • 02 Сәуір, 2024
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керек екенін айта келіп: «Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек, соның ішінде реттеу қағидатын қолдану арқылы ықпал етуді доғарған жөн. Тоқетерін айтсақ, осы салаға сапалы өзгеріс жасау керек», деген болатын. Жалпы, бизнесті қорғау – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі. Оның бір мысалы – жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы.
Өндіріс • 02 Сәуір, 2024
Өңір кәсіпорындары саланың қажетін өтеп отыр
Бірер күн бұрын өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорынның табалдырығын аттау мүмкіндігі туды. Бүгінде Ақтөбе облысында CT-KZ өндірістік сертификатын алған 200-ге жуық тауар өндіруші тіркелсе, олардың арасында ең белсенділері – корпустық жиһаз, медициналық кереуеттер мен зертханалық жұмыстарға арналған металл шкафтар, өрт қалқандарын жасайтын металл құрастырмалар өндірісі.
Пікір • 02 Сәуір, 2024
Адалдық – азаттығымыздың қуаты
Сарайшықта өткен үшінші Ұлттық құрылтайдың жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адалдық кеңістігінің басты қуаты – «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұтастығында пайымды ой қозғап, озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады деген кесек пікір білдірді.
Экономика • 02 Сәуір, 2024
Әлемдік мұнай нарығының дамуына сұраныстың өзгеруі, саяси қақтығыстар және инновациялық технологиялар секілді түрлі факторлар өз ықпалын тигізіп отыр. Бұл нарық қатысушыларына жаңа мүмкіндіктер мен жаңа сын-қатерлер тудырып жатыр. АҚШ Энергетика министрлігінің (EIA) энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметі бойынша, жақын арада әлемде мұнайға деген сұраныс артады деп күтіледі. Нақтырақ айтқанда, биыл мұнайға әлемдік сұраныс тәулігіне 102,98 млн баррельді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 млн-ға артық.
Салық • 02 Сәуір, 2024
Көміртегі салығы өнеркәсіпке қалай әсер етеді?
Мемлекеттік сектор және бизнес өкілдері, сондай-ақ сарапшылар көміртегі салығының отандық өнеркәсіпке әсерін талқылады. 2026 жылдан бастап Еуропа елдері трансшекаралық көміртекті реттеуге көшті. Еуропалық одақтың жаңа көміртегі салығы елдегі кәсіпорындардың экспорттық өніміне де қолданылатын болады.