Тұлға • 02 Сәуір, 2024
«Қаныш асқан ғалым еді. Бұған қоса жан дүниесі бай адам болатын. Кейбір ғалымдар өз саласын ғана жете біліп, өзге дүниеден азғантай мағлұматтармен жүре береді ғой. Ал Қаныш олай емес еді. Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін, өнердің сан-саласына ой жіберіп, жақсы пікірлер айтып отыратын». Классик жазушы Сәбит Мұқанов академик Қаныш Сәтбаевты осылайша бағалаған екен. Шынында да, ұлы ғалымның араласпаған саласы жоқ екені белгілі.
Театр • 02 Сәуір, 2024
«Қаллеки тынысын» сезінген сәт
Халықаралық театр күні қарсаңында сахна әлемінің бір сілкініп алатыны рас. Ойнап-күліп, көңіл сергіту ғана емес, жүріп өткен жолына есеп беріп, жеткен жетістігі мен кеткен кемшілігін саралауға бағытталып өткізілер өнегелі іс-шаралар да мейрамның кәсби маңызын арттырып, театр тағылымын тереңдете түсетіндей.
Руханият • 02 Сәуір, 2024
Павлодарда Шәкен Аймановтың өмірі жайында жазылған «Сұңғыла» кітабы жарық көрді. Жинақта қазақтың белгілі тұлғаларының естеліктері мен мақалалары топтастырылған. Бұл кітапта негізінен өткен ғасырдың 1960-1970-жылдары баспасөз беттерінде шыққан мақалалар, кітаптардағы кейбір естеліктер енген.
Спорт • 02 Сәуір, 2024
Түркияның Антальясында дзюдошылардың Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыста Қазақ елі намысын 20 балуан қорғағанымен, солардың біреуі ғана жеңіс тұғырына көтерілді. Оның иегері – Әбиба Әбужақынова.
Бокс • 02 Сәуір, 2024
Бакуде «Ұлы Жібек жолы» турнирі аяқталды. Еліміздің былғары қолғап шеберлері үшін бұл жарыс сәтсіз басталған еді. Алғашқы күні шаршы алаңға шыққан алты жерлесіміздің екеуі ғана келесі кезеңге өткенде көңіліміз біраз құлазып қалды.