«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2024
Қазір жетісулықтар қала маңын қоқыстан тазартып жатыр. Осы ретте Талдықорғандағы Қызыл тас – Тасбақа тас жерінде «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фестивалі өтті.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Сенат Спикері: Отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана ДДҰ стандарттарына сай келеді
Қазіргі уақытта Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында отандық өндірушілердің үлесі бар болғаны 10 пайызды құрайды. Тіпті бұл көрсеткіштен де төмендеп барады. Сондай-ақ отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Көңіл көншітпейтін мұндай статистиканы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жансарай • 25 Сәуір, 2024
Сәулебек АСЫЛХАН: Театрда тұшынып тамашалайтын спектакль аз
Режиссер Сәулебек Асылханұлының театрдағы жүріп өткен жолы суреткерлік дара қолтаңбасымен ғана емес, әдебиет пен драматургия, жалпы өнер әлеміндегі таутұлғалармен қатар жүріп, батасын алған һәм қайраткер қаламгерлермен қанаттаса жүріп қайталанбас қойылымдарын өмірге әкелген тағылымды тарихымен де құнды. Ғабит Мүсірепов, Тахауи Ахтанов, Әзірбайжан Мәмбетов сынды суреткерлік әлем саңлақтарының сенімінен шығып, өзі де сол парасат биігіне бойлаған режиссердің таңғажайып театр туралы толғанар ойы, бүкпесіз айтар сыры мол.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Облыс орталығындағы Жаппасбай батыр көшесі бойынан салынған көпқабатты үйден 150 отбасыға пәтер кілті табысталды. Жұртшылықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тілек қосқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықты баспанамен қамту Мемлекет басшысының назарында тұрған мәселе екенін атап өтті.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
Бүгін, Алматыда өткен «ESE ASIA-2024» халықаралық контейнерлік форумында соңғы бір жылда компанияҚазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырғаны айтылды, деп жазады Egemen.kz.