Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Интернеттің игілігін көре алмай отырған ауылдар
Түркістан облысындағы 264 ауылдың 74-і жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмаған. Осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 кезеңнен тұратын жоба қолға алынып отыр.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Ол кім дейсіз бе? Ол – қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған санаулы қаламгердің қатарындағы Рамазан Тоқтаров. Оның іздеушісі көп. Іздеушісі – оқырманы, әлбетте. Ал жоқтаушысы өз жұрты ғой. Әзірше олар бұл жағынан ұятты болып тұр.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Биыл туғанына 175 жыл толған «Дала Гомері» деп атанған данагөй тұлға, ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың даңқы ХХ ғасырда әлемге мәшһүр болды. Еуропада отырғанымен ежелгі ғұндар мен қыпшақтардың бекзат салтын жаңғырта білген мажарлар кезінде жыр алыбына ерекше назар аударыпты. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы жариялаған «Жамбыл жырлары мажар тілінде» атты зерттеу еңбектің оқырманға берер дерегі мол.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Өткен жылы қазақ оқырманы хакім Абайдың 175 жылдығын атап өтті. Ал биыл жыр алыбы Жамбылдың, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың, келер жылы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің мерейтойы кезекте тұр. Әдебиеттегі осындай дәстүрлі мерейтойлар кейде мақсатсыз һәм бағытсыз іс-шаралармен, қайта басылып шыққан кітаптармен ғана шектеліп жатады. Ал кейде өз уақытында ешкім елемеген талантты жазушыларды еске салады.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Кекілбайұлының құдықшысы Еңсептің қазған құдықтарынан бөлек, образды түрде айтқанда, ең бірінші шыңырауы – оның құдықшы Қараш әулетінен шығуы. Мал бітіп, дәулет қонбаған кедей әулет құдық қазумен ғана күн көріп келген, атадан балаға мұра болып қалып отырған жалғыз жанбағар кәсіп те осы.