Ауыл • 26 Сәуір, 2023
Биыл мемлекеттік деңгейде қолға алынып жатқан ең ірі маңызды жобалардың бірі – ауылды қолдау, ауыл халқының табысын арттыру, сол арқылы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарлама. Елімізде ауыл халқының саны 7,7 миллионнан асқан. Олардың табыс көзі қаладағыларға қарағанда 38 пайызға төмен екен. Қала халқы табысының 65,6 пайызы жалдамалы жұмыстан және 7,4 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлік қызметтен түссе, ауыл тұрғындарының 60,8 пайызы жалдамалы жұмыстан және 13,7 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы табыс табады екен.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2023
Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму
«Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыппен өтіп жатқан елдік іс-шараның алғашқы күні сарапшылар халық Ассамблеясының саяси реформаларды жүзеге асырудағы орнын және осы бағыттағы ой-пікірлерді, жобаларды талқылады.
Экономика • 26 Сәуір, 2023
Тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды
Тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Сәуір, 2023
Қостанайда көпірлер мен жол өткелдеріне жарықдиодты шамдар орнатылды
Мамандар түнгі уақытта қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қостанай өңіріндегі республикалық трассалардың бойындағы жол өткелдері мен көпірлерге заманауи жарықдиодты шамдарды орнатып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Сәуір, 2023
Сенат Төрағасы Алматы облысының мәслихат депутаттарымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады. Кездесуде Сенаттың мәслихаттармен өзара іс-қимылының жаңа форматы жөнінде де сөз қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.