Аталған шара бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы жарықдиодты шамдарды Қостанай қаласының айналма жолында және тәулігіне 15 мың көлік жүретін «Қостанай-Рудный» күре жолында орнатады. Алғашқыда алты жол өткел жарықтандырылады.
Жарықдиодты шамдар Р-38 Қостанай қаласының айналма жолының 3 шақырымында орнатылды (Мичурин көлік айрығы).