Аймақтар • 02 Сәуір, 2019
Түркістан: Б.Саттарханов даңғылын кеңейту жұмыстары басталды
Түркістанның кіре беріс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Бекзат Саттарханов даңғылын 6 жолақты етіп кеңейту жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2019
Ерлан Қошанов Садовое ауылындағы жағдайды бақылап қайтты
Қарағанды облысында көктемгі су тасқынының қарқын алу кезеңі басталды. Кешегі күннен бастап Самарқанд су қоймасынан су жіберу көлемі секундына 610 текше метрге дейін арттырылды. Осы себепті ағынды су үш өзеннің ортасында орналасқан Садовое кентіне келіп жетті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Киберқауіпсіздік маңызды мәселеге айналды
Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) есебіне сәйкес Қазақстан 2018-2019 жылдары Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексінде былтырғы рейтингпен салыстырғанда (82-орын) 42-тармаққа көтеріліп, 40-шы орынды иеленді. Яғни, еліміз киберкеңістіктен шығатын қауіптерге қарсы тұру дайындығы жоғары мемлекеттер тізіміне кірді. Рейтингтің көш басында Ұлыбритания және АҚШ, ең соңғы 175-орында Мальдивтер тұр.
Түркістанда 100 мың түп тал отырғызылады
Түркістан қаласын көгалдандыру мақсатында жыл сайын түрлі ағаш көшеттері егіледі. Өткен 2018 жылдың күз айында қаланың негізгі көшелері мен Шәуілдір тасжолының бойына 46 000 түп ағаш көшеттері отырғызылып, қаланы суландыру бағытында 6 жерден терең ұңғымалы скважина қазылған болатын.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2019
Солтүстік Қазақстанда ауылдарды жалғастыратын көпір жабылды
2017 жылы Соколовка мен Большая Малышка елді мекендері арасындағы көпірді күрделі жөндеуден өткізуге миллиондаған қаржы жұмсалған болатын.