02 Сәуір, 2019

Киберқауіпсіздік маңызды мәселеге айналды

1250 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халықаралық электробайланыс одағының (ITU) есебіне сәйкес Қазақстан 2018-2019 жылдары Кибер­қауіпсіздіктің жаһандық ин­дексінде былтырғы рейтинг­пен салыстырғанда (82-орын) 42-тармаққа көтеріліп, 40-шы орынды иеленді. Яғни, еліміз кибер­кеңістіктен шығатын қауіп­терге қарсы тұру дайындығы жо­ғары мемлекеттер тізіміне кірді. Рейтингтің көш басында Ұлы­британия және АҚШ, ең соңғы 175-орында Мальдивтер тұр.

Киберқауіпсіздік маңызды мәселеге айналды
Қазақстанның Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурданың сөзінше, «кибер­қауіпсіздіктің индексінде ел позициясының жақсаруына мем­лекеттік органдардың, үкі­мет­тік емес ұйымдардың және биз­нестің біріккен жұмысы әсер етті. Соңғы бірнеше жылда ақпараттық қауіпсіздік сала­сы­ның кең дамуының іргетасы қаланды деуге болады». 


Атап айтқанда, соңғы екі жыл­да Қазақстанда елдің кибер­қауіпсіздік саласын дамыту бо­­­­йынша тұжырымдамалық тә­сіл­дер әзірленген, бірқатар заң­намалық актілер, «Қазақстанның Кибер­қал­қаны» Киберқауіпсіздік тұ­жы­рымдамасы, көптеген са­лалық бұйрықтар бекітіліпті. Бұ­­дан бас­­­қа, зиянды кодты зерт­теу бойынша, ақпараттық қа­уіп­сіздіктің ұлт­тық үйлестіру ор­­та­лығы іске қосылған, аталған са­ладағы ма­ман­дыққа арналған гранттар саны артқан және басқа да шаралар іске асырылыпты. 


Халықаралық электробайланыс одағы (ITU) киберқауіпсіздік индексін анықтау бойынша зерттеуді жыл сайын өткізеді. Зерттеу мемлекеттердің кибер­қауіп­сіздік деңгейін бес негізгі өлшемшарттар бойынша баға­лайды: заңнамалық база, тех­ника­лық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық арена­дағы қызмет және саланы дамыту әлеуетін құру.


«Қазақстанның Киберқал­қа­ны»­ жобасын дайындау кезінде  Малай­зия, Швеция, Эстония, Литва, Ұлыбритания, Германия секіл­ді елдердің тәжірибесі зерт­телген. Жобаның басты мақ­саты – әлемдік бәceкелecтік уақы­тын­да eлiмiздің тұpaқты дaмyын қaм­тaмacыз eтiп, элeктpoнды ақ­­­пapaт рecypcтapын, aқпapaт­тық-кoммyникaциялық инфpa­құры­лымды сыpтқы, iшкi қayiп­тepдeн қopғaлyын бақылап, бір деңгейде ұстап тұру. Тұжырым екі кезеңге бөлінген: біріншісі 2017-2018 жылдары жүзеге асты, екін­­шісі 2019-2020 жыл­дарға арналған. 


Жалпы интернет  тех­­­­но­логия­сы, әлеуметтік желілер, он­­лайн сауда дамыған сайын, кибер­­қауіп­сіздік мәселесі алға шы­ғып барады. Қазақстанда 140 мың веб сайт тіркелген. Ал интер­нет қолданушыларының саны соң­­ғы 10 жылда 76 пайызға жет­ті. Елімізде көбіне банктегі есеп-шоттар, жеке мәліметтер хакер­лердің шабуыл нысанына айналады. Былтырғы мәлімет бойын­ша Қазақстанда мемлекеттік ор­ган­­дарға жасалған сондай ша­буылдар саны 20 есеге артқан. Не­­гі­зінен «Азаматтарға арналған үкі­­мет» базасы нысан болады екен. Себебі онда еліміздегі аза­мат­­­тардың, мүліктердің мәлі­мет­тері және басқа да маңызды ақ­­па­раттар сақталған. Өткен жы­лы мемлекеттік мекемелердің ки­бер­­қауіпсіздігін сақтау үшін қазы­надан 71 миллиард теңге бөлінді. 


Қазір мемлекеттік органдарда 1500 IT маман жұмыс істейді. Бұл қажетті қызметкерлер санынан екі есе аз. Ал жалпы Қазақстанда 30 мың киберқауіпсіздік маманы жетіс­пейді екен. Қазақстанда ең көп кибершабуыл әдетте ин­тернет-дүкендерге жасалады. Егер 2012 жылы аталған бағытта ша­буыл 800 рет тіркелсе, 2017 оның саны 25 мыңға дейін өс­кен. Ең қиын шабуылдардың қатарына жаһан бойынша тарайтын вирустар кіреді. Мәселен, 2017 жылы 150 мемлекеттің 100 мың­нан астам кәсіпорны Wanna Cry атты вирусын жұқтырған. Қазақстандағы 4 мемлекеттік ме­­ке­ме де аталған вирусқа «шал­дық­қан» Бұл мәселе өзге елдерге де тән. Мәселен, Түркияда соңғы екі айдың ішінде 65 миллион кибершабуыл жасалған. 


Online Trust Alliance ұйы­мының мәліметіне сүйенсек, кибершабуылдардың 93 пайы­зының алдын алуға мүмкіндік болған.  Азаматтар мен компания қызметкерлерінің хакерлердің фишинг сынды әдістеріне нем­құрайлы қарауынан үлкен қара­жат жымқырылады екен. Соңғы 3 жылда елімізде 63,5 мың кибер­шабуыл жасалған. Олардың басым бөлігі азаматтардың жеке ақ­параттарын алу мақсатында жасалған шабуылдар. 


Нұрмұхамед БАЙҒАРА,

«Egemen Qazaqstan»