Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бұл жұмыстар биыл да жалғасын тауып биылғы жылы қаланың барлық аумағын қамтып, 100 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көшеттердің денін шөлмен суға төзімді жиде, қара ағаш, емен тайланд және жеміс ағаштарының түрлері құрайды. Жоспарланған ағаш көшеттері тазалық мекемесінің жұмысшылары мен сенбіліктерге атсалысқан қаладағы барлық ұжымдар, үкіметтік ұйымдар мен қала жастарының күшімен егілді.
Сонымен қатар, Түркістанның кіреберіс төрт қапталынан жаппай «Павловния» ағашын (10 мың түп) отырғызу қолға алынды. Осылайша Түркістанды жасыл желекпен көмкеру қызу жүруде.