Пікір • 02 Сәуір, 2021
Экономикаға ерекше екпін беріледі
Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммиті қарашада Ыстанбұлда өтетін жиынға даярлық сипатында өткен сыңайлы. Яғни Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылы Бакуде айтқан ұсынысы осы жиыннан кейін Ыстанбұл саммитінің негізгі күн тәртібіне айналатын болар деп ойлаймын.
Экономика • 02 Сәуір, 2021
Күнгейде дала жұмыстары басталды
Көктем ерте келетін Күнгейде жер өңдеу жұмыстары басталып кетті. Жыл басы – Наурызда жер жыртып, тұқым сепкен диқандар жаздың соңы, күздің басында мол өнім жинаймыз деген ниетте.
Экономика • 02 Сәуір, 2021
Электр қуаты неліктен қымбаттады?
Сәуірден бастап Қазақстандағы жылу-электр стансаларында тарифтің шекті деңгейі орташа есеппен 15%-ға қымбаттайды. Энергетика вице-министрі Қ.Рахымовтың айтуынша, бұған кен орындарындағы көмір бағасының қымбаттауы, сондай-ақ 70-ші жылдары іске қосылған энергетикалық нысандардың тозуы әсер етіп отыр.
Ғылым • 02 Сәуір, 2021
Науқасты аяққа тұрғызатын ғалым
Өз заманынан оза туған Абай қазаққа «ғылым таппай мақтанба» деп өсиет қалдырды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғұлама туралы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді», деген еді. Иә, ғылым – қуатты күш. Осыны тереңнен түсінген елдер әрдайым ғылымға көңіл бөліп отырады, салаға көлемді инвестициялар салып, тұрақты дамуын әрдайым назарда ұстайды. Бұл тұрғыда Қазақстанның да отандық ғылымға деген қолдауы мен саланы ілгерілетуге бағытталған шаралары өз жемісін беріп келеді. Көбіміз бағамдай бермейтін тәуелсіздіктің тағы бір табысы – тоқырау жылдарындағы және одан кейінгі қиын-қыстау кезеңге қарамастан отандық ғылымды сақтап қалуымыз. Бүгінде қазақстандық ғалымдар әлемдегі ірі мемлекеттердің мамандарымен иық тіресе алатын әлеуетке ие. Бас басылым тұрақты түрде шығарылып отыратын «Ғылым» беті арқылы отандық ғылымның әрбір оң қадамын қалт жібермей, қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін ұдайы насихаттап келеді. Осы жолы да «Egemen Qazaqstan» газетін сәуір айында отандық ғылымның тәуелсіздік жылдарында ашқан жаңалықтарымен, ғылымдағы жаңа есімдермен таныстырмақ.
Қоғам • 02 Сәуір, 2021
«Қызыл аймақтағы» өңірдің бірі – Атырау. Қазір мұнда коронавирус инфекциясының қайта көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейтіліп, таратпау мәселесі қайта пысықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ демеуші компаниялардың көмегімен қауіпті вирусты инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қажетті жабдықтар сатып алыныпты.