Руханият • 02 Сәуір, 2021
Төл өнерді төрге оздырған Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Тобыл өңірінде төл мәдениетіміздің тоқсан тараулы тамырына ыстық қан жүгіртіп, елдің ұлттық өнеріміздің қайнар тұнығынан еркін сусындауына қайта жол ашты. Талай аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткерген тағдырлы топырақтың талай тума таланттары қазақ мәдениеті мен руханиятынан ойып орын алғанымен, түрлі тарихи себептер өңірде ұлттық өнердің өркен жаюына мүмкіндік бермеді.
Қазақстан • 02 Сәуір, 2021
Бозоқ қалашығы (Еуразиялық кеңістікте орналасқан елорданың ежелгі тарихы)
Елорданың батысы «Үркер» шағын ауданының солтүстік ірге қапталында Бозоқ қалашығының табаны жатыр. Бұл нысанға 1999 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен танымал археолог Кемел Ақышев ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік ғибадатханасы, ортағасырлық қалашық қыпшақ мұрасы, Алтын Орда кезеңінің қорымы анықталған болатын.
Экономика • 02 Сәуір, 2021
Кәсіпорын ашылса, жұмыссыздық азаяды
Елдегі тиімді саясаттың нәтижесінде Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Әлеуметтің әл-ауқатын көтеретін ауқымды жобалар жыл өткен сайын жеміс беріп, шаһар республикадағы кәсіпорыны көп өңірге айналуда. Соңғы жылдары отандық ірі компаниялардың бірегейі NURTAU distribution company ЖШС мен «КАЗТЕХНИКАС» ЖШС-ның Шымкент нарығына енуі, қала аумағында өндіріс ошақтарын салуы соның дәлелі болса керек.
Спорт • 01 Сәуір, 2021
Цурцумия қырқында қамал ала ма?
Сәуірдің 9-ы мен 11-і аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Токиода жалауы желбірейтін Жазғы Олимпия ойындарына жолдама беретін Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Алатау баурайында ұйымдастырылатын балуандар бәсекесінде күрестен Жапониядағы дүбірлі бәсекеге соңғы лицензиялар сарапқа салынады.
Спорт • 01 Сәуір, 2021
Осыдан дәл 125 жыл бұрын, яғни 1896 жылдың 6 сәуірінде Грекияның астанасы – Афина қаласында қазіргі замандағы тұңғыш Олимпия ойындарының шымылдығы түрілді. Ол уақытта алқызыл алау тұтанбайтын, ант берілмейтін, алтын медаль тапсырылмайтын, жалпы-командалық есептегі жағдай да есепке алынбайтын... Міне, осылай тізбектей берсек, о замандағы мен бұ замандағы жаһандық доданың арасында алшақтық тым көп-ақ.