Саясат • 01 Сәуір, 2021
Қазақстанның Тұрақты өкілі Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорымен кездесті
Қазақстанның БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс - Мемлекет басшысы
Үкімет мониторинг топтарының жұмысын ретке келтіруі тиіс. Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 01 Сәуір, 2021
Бүгінде Күршімде тұратын атбегі, теңге алудан әлі күнге ешкімге дес бермей келе жатқан шабандоз, саятшы Көксауов Мұратты (Киска) білетіндер көп. Бірнеше тазы ұстайтын Мүкеңнің қыс түсе түлкіні қырып салатын өнері де көпке мәлім. Сонысына орай оған тапсырыс беретіндер де аз емес. Көңілшек Мұраттың біреуге деп ұстап, сойып, тұздап қойған терісін әлдекімдердің қолқалап алып кететінін де естіп жатамыз. Сөйтіп, ол байғұстың аяқ астынан «өтірікші» атанатыны да бар.
Спорт • 01 Сәуір, 2021
Дзюдодан жастар ойындары аяқталды
Оралда дзюдодан V жастар спорттық ойындары өз мәресіне жетті. Жарыс нәтижесі бойынша командалық есепте Шығыс Қазақстан облысы топ жарса, Алматы мен Түркістан облысының өрендері екінші және үшінші орындарды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Карантин уақытында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі көбейген
Соңғы 5 жылда әйелдер құқығына қол сұғатын қылмыстардың саны екі есеге, ал балаларға қатысты қылмыстардың саны үштен бірге қысқарды. Карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы шиеленісе түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай қылмыстардың саны 4,7% - ға өсті. Бұл ретте тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынымен алып қарайтын болсақ, отбасылық-тұрмыстық қылмыстың жоғары емес үлесі сақталып отыр және бар болғаны 1%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.