Сенат • 25 Сәуір, 2024
25 сәуірде Қызылорда облысында Парламент Сенатына депутат сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Наурызбай Байқадамов сайлаушылардың 78,91 пайыз дауысын жинап, сенатор болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Президент Ассамблея құрылымына жастарды көбірек тартуды ұсынды
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның институционалдық әлеуетін нығайту қажет екенін, оның мемлекеттік органдармен, Парламентпен және мәслихаттармен қарым-қатынасын жақсарта түсу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Сәуір, 2024
Қазақстан әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
Қазақстанда Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысында елдегі су тасқыны жағдайын қозғап, мемлекет тарапынан пәрменді шаралар қабылануы тиіс екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Сәуір, 2024
Су тасқыны: азаматтардың мал шығыны өтеліп жатыр
Елімізде су басқан аймақтарда ахуал тұрақталып, мал шығыны өтеліп жатыр. Келтірілген залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссиялардың жұмысы барысында табиғи апаттан 8,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларының өлгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.