Сенат • 25 Сәуір, 2024

Сенатқа жаңа депутат қосылды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 сәуірде Қызылорда облысында Парламент Сенатына депутат сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Наурызбай Байқадамов сайлаушылардың 78,91 пайыз дауысын жинап, сенатор болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы — 1967 жылы 10 шілдеде Қызылорда облысы, Ж. Махамбетов ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «тарих және француз тілі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Амангелді атындағы №139 мектеп мұғалімі болып бастаған.

Сондай-ақ сенаторлық қызметке Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов пен Қызылорда облысы бойынша сайлау комиссиясының басшысы Абайбек Жүнісов те өтініш берді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті