Су тасқыны • 25 Сәуір, 2024
Су басқан аймақтарда ахуал тұрақталып келеді
Су басқан өлкелер қалыпты тіршілігіне қайта оралды демесек те, жағдай бірте-бірте оңалып келеді. Әзірге тасқын таязымаған өңірлерде жедел іс-шаралар қызу жүріп жатыр.
Су тасқыны • 25 Сәуір, 2024
Мұнайлы өңірге мол су келе ме?
Атырауда табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты құрылған облыстық жедел штаб су тасқынына дайындықты үйлестіріп отыр. Бұл штабтың жанында зерттеуші ғалымдардың жұмыс тобы бар.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Қалпына келтіру жұмыстары басталды
«Қазгидрометтің» хабарлауына қарағанда, Солтүстік Қазақстанда тасқынның екінші толқыны біріншіге қарағанда су деңгейін аса көп көтерген жоқ. Петропавлдың су сақтау қоймасында ең жоғарғы деңгей 16 сәуірде 1 235 см-ге дейін жетіп, одан бері төмендей берген. Ал екінші толқын сәуірдің 23-інде су деңгейін 9 см-ге ғана көтерді. Бұған дейін төмендеген деңгей бұл толқын 1 147 см-ге ғана жеткізді.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Өңірдің кірісі қашан көбейеді?
Осыдан тура алты жыл бұрын ««Egemen Qazaqstan» газетінде мәселе көтеріп, «Оңтүстік өңір дотация көлемін кеміте ала ма?» деген тақырыпта мақала жариялағанбыз. Оған ел билігі тарапынан айтылған «халқы ең көп облыс бола тұра, 80 пайыз көлемінде ең көп дотация алатын – Оңтүстік Қазақстан облысы» деген сын себеп болған еді.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
Сағи Жиенбаевтың «Ардағым-ай, бағың да ашылмады-ау. Ашылмады-ау, дауың да басылмады-ау» деп басталатын «Ана тілім» деген өлеңі бар емес пе? 80-жылдары жазылған осы өлеңде ақынның: «Тұнығыңды қай кәпір лайлаған? Ел додаға түскенін көріп едік, Сен додаға түсер деп кім ойлаған?» деген өткір сұрақтарын жарты ғасырға жуық уақыт өткенде қайтадан күн тәртібіне шығаруға тура келіп отыр. Себебі? Себебі – өз тұғырына әлі қондыра алмай келе жатқан қазақ тілінің қойыртпақ тілге айналып бара жатқанында.