Зерде • 25 Сәуір, 2024
Қазақстан тарихын насихаттауды мақсат тұтқан Qalam дәрісханасы жобасының аясында Шымкентте елімізге белгілі тарихшы, археолог Эмма Усманова «Әмір Темір және Алтыншоқы төбесінің сыры» тақырыбында көпшілікке арнап дәріс оқыды.
Музей • 25 Сәуір, 2024
Қасымбек датқадан қалған дүние
Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облыстық өлкетану музейінің ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету және қазіргі заман тарихы бөлімінің меңгерушісі Жанар Үркімбаева әйгілі Қасымбек датқаның ұрпақтары бабадан мирас болып қалған асадалды музейге әкеп тапсырғанын айтты. Асадал дегеніміз, ағаштан жасалған тартпалары бар жиһаз. Онда негізінен ас пен ыдыс-аяқ сақталады. Асадалды кебеженің бір түрі деуге де болады.
Сұхбат • 25 Сәуір, 2024
Мейір Байнеш: Отандық операның келешегі зор
Ұлттық операмыздағы Біржан, Төлеген, Айдар сынды кілең басты партияларды парасатты өнерімен өрге сүйреп жүрген Мерей Байнеш есімі бекзат өнердің талғампаз тыңдармандарына жақсы таныс. Күні кеше ғана «Астана опера» театры опера труппасының жетекшісі ретінде жауапты жұмысқа кіріскен танымал тенор һәм талантты әртіспен өрелі өнер турасында ой өрбіткен едік. Әнші еліміздегі опера өнерінің аяқ алысы, даму деңгейі туралы тұшымды әңгімесін бүкпесіз ортаға салды.
Спорт • 25 Сәуір, 2024
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бесінші турындағы ең тартысты әрі қызықты ойын Алматыдағы Орталық стадионда жергілікті «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында өтті. Бұл бәсеке 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.
Спорт • 25 Сәуір, 2024
6-11 маусым аралығында Ташкентте өтетін Азия чемпионатында Қазақ елі намысын қорғайтын көркем гимнастшылардың есімі белгілі болды. Ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупованың таңдауы Елжана Тәниева мен Айбота Ертайқызына түсті.