Пікір • 25 Сәуір, 2023
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі
Біреуге еліктеп, пір тұтпаса жүре алмайтын жасөспірім шақтың әлегінде әйгілі Лев Толстой әлдебір кітапты оқып алып әсерленгені сонша, түріне сән беріп тұрған қияқтай қасын шығармадағы бас кейіпкер секілді шырпы жағып, өртеп жіберіпті.
Қылмыс • 25 Сәуір, 2023
Оның арманы асқақ еді. Анасы да қызын тоғызыншы сыныпты тәмамдаған соң қасына алып, білімін колледжде жалғастыруын ойластырып жүрген екен. Қатарынан қалдырмай, бетінен қақпай өсірген ата-әжесі де сүйікті немеренің тілеуін тілеп, үлкен үміт артты. Әттең...
Әдебиет • 25 Сәуір, 2023
Өткен күндерге қайырыла қарасақ, бәрі – ностальгия. Мен 2008 жылы Үрімжі қаласының маңында орналасқан Санжы дейтін шаһардағы университетте студентпін. «Мұхтар Шаханов Шыңжаңға келеді екен» деген хабар тарағалы біз күн санай бастадық. Мақсатымыз – Шахановты өз көзімізбен көру. Себебі, ол кезде қытай қазақтары арасында Абай мен Мұқағали Мақатаевтан кейін Мұхтар Шахановтың өлеңдері көп оқылды.
Кино • 25 Сәуір, 2023
Бауыржан Нөгербек ұлттық кино өнерінің ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде зерделенуіне бар күш-жігерін жұмсаған жан. Ол туралы сөз айтудың өзі көңілге жып-жылы шуағын төгеді. Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен кино зерттеушісінің 75 жылдығына арналған «Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» атты халықаралық форумда тұлға туралы тұшымды естеліктер айтылып, ғалымның кинотану іліміне қосқан сүбелі еңбегі жан-жақты сараланды.
Театр • 25 Сәуір, 2023
Мағжан мен Зылиха махаббаты – корей сахнасында
Алашқа адал қызмет еткен арда арыстардың алыста қалған қасіретті тағдырын сахна тілінде суреттеу қадамының қайсысы да көрермен тарапынан ықылассыз қалған емес. Поэзиясында махаббатқа айрықша орын беріп, сезім мен сүйіспеншілікті тамылжыта жырлаудан талмай кеткен Мағжан Жұмабаев пен жан жары Зылиханың махаббатын баяндаған Алматыдағы Мемлекеттік Корей музыкалық драма театрының «Әйел махаббаты» спектаклі жиналған көпұлтты көрерменнің көңілін бір-ақ сәтте баурап алды. «Көзбен көріп, ішпен білетін» махаббаттың тілін түсіну үшін тәржіманың керегі де жоқ. Бастысы, әйелдің мөлдіреген таза сезімі бар, маздаған от, жарға деген адалдық бар.