Футбол • 25 Сәуір, 2024
Жақында Жаңаөзен қаласында ашық футболдан алғаш рет жарыс өтіп, Маңғыстаудың «Каспий» футбол клубы жеңіске жеткенін хабардар еткен едік. Ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың футболға деген қызығушылығы, «Каспий» футбол клубына деген ықыласы Қарақия ауданының Жетібай аулында аталған клуб филиалының ашылуына негіз болды.
Хоккей • 25 Сәуір, 2024
Бүгінде шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы Астанадағы «Барыс Аренада» бас қосып, осы керемет мұз айдынында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команданың бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев аталған жиынға еліміздің барлық мықты ойыншыларын шақыртты.
Таным • 25 Сәуір, 2024
Гиннестегі Қазақстан: Шебер ұшқыш
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 1989 жылы 1 қарашада алғашқы болып авиатасушы крейсердің алаңқайына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен қондырады.
Оқиға • 25 Сәуір, 2024
Біздің ауыл таза қазақы болса да, ішінара өзге ұлт өкілдері де қоныстанған. Олардың бәрі тың игеру жылдары келген. Бала күнімізде қазір алпыстан асқан ағаларымыз солармен жаға жыртысып, талай төбелескенін жыр қылып айтатын. Біз соны ұйып тыңдайтынбыз. Тың игерушілердің дені кейін қайта көшіп кетті. Бес-алты отбасы ғана тұрақтап қалды. Соның бірі – Раяның үйі.
Дәстүр • 25 Сәуір, 2024
Салбурын – саятшылық және аң аулау кәсібінің бір түрі. Аңшылық маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Сартабан, сарытұғыр қырандар мен арқалы құр ат, түзу мылтық түгел сайланады. Аңкөс жандар, бапкер құсбегілер, саңлақ саятшылар, құралайды көзінен ататын мергендер, тәжірибелі қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бәрі болады.