Коронавирус • 27 Сәуір, 2021
Елімізде тағы 2500-ге жуық науқас індеттен айықты
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетінен 2494 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Сәуір, 2021
Жақын арада әлем футболында кеңінен қолданылып, төрешілердің жүктемесін азайтуға көмектесіп жатқан VAR бейнеқайталау жүйесі Қазақстанда да қолданылмақ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мәлімдеді.
Руханият • 27 Сәуір, 2021
Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» акциясы биыл да жалғасын тапты. Білім ордасының 647 оқушысы мен 100-ге тарта мектеп педагогі карантин талаптарын сақтай отырып, құпия достарына кітап сыйлады.
Қоғам • 27 Сәуір, 2021
Жер атауы жаңармай, ел жаңармайды
«Жұтылған» жер атаулары қайта «тіріле» ме?» деп аталатын мақаласында автор Тобыл жеріндегі жер-су атауларының тарихи негізін қозғаған екен. Мақалада айтылған Аманжол Күзембайұлы экспедициясының құрамында мен де болдым. Меңдіқара, Ұзынкөл, Федоров, Қарабалық, Қостанай аудандарындағы елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатыстым. Содан бері 13 жыл уақыт өтсе де көп дүние өзгермепті.
Пікір • 27 Сәуір, 2021
«Egemen Qazaqstan» газетінің 20 сәуірдегі санында жарияланған Нұрқанат Құлабайдың «Жұтылған» жер атаулары қайта «тіріле» ме?» деп аталатын мақаласы көптің көкейіндегі өзекті мәселені қозғаған. Жер-су атауларының бұрмалануы туралы айтудай-ақ айтып келеміз. Мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарып тұрған кезімде ел азаматтарының қолдауымен бұрынғы Семиозер (Әулиекөл), Комсомол (Қарабалық), Ленин (Ұзынкөл), Боровской (Меңдіқара), Джетыгара (Жітіқара) секілді аудан орталықтарының тарихи атаулары қайтарылған болатын. Өкінішке қарай, қазір бұл игі қозғалыс саябырлап қалды.