Футбол • 27 Сәуір, 2021

VAR жүйесі қажет пе?

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақын арада әлем футболында кеңінен қолданылып, төрешілердің жүктемесін азайтуға көмектесіп жатқан VAR бей­неқайталау жүйесі Қазақстанда да қолданылмақ. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мәлімдеді.

VAR жүйесі қажет пе?

«Біз жүйелі түрде жұмыс істеп, VAR жүйесін іске қосып бере алатын серіктесті тауып қойдық. Олар бізге отандық телеөнім дайындайтын компаниямен бірлесіп, бей­неқайталау нобайын ұсынады. Сонымен қатар FIFA осы жақында ғана VAR Light жобасын іске қосты. Онда телекөрсетілімге жалғанбаған камераны да бейнеқайталау үшін пайдалануға болады екен. Біз осы жобаны Қазақстанға әкеліп, тексеруден өткізіп беруін өтіндік. Сондықтан да алдағы уақытта VAR Light жобасы еліміздің стадиондарына орнатыла бастайды», дейді А.Айтқожин.

VAR жүйесі әлем футболында 2018 жылдан бері қолданылып келеді.