Аймақтар • 20 Сәуір, 2018
Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орал қаласына жұмыс сапарымен келіп, Орал қалалық №3 емхананың жұмысымен танысты. Денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша пилоттық жоба қолға алынған Батыс Қазақстан облысында электронды кезек жүйесі, «Пациент кабинеті» мобильді қосымшасы тәжірибеден өтуде.
Парламент • 20 Сәуір, 2018
Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2018
Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді
Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тарту және «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржыландырған жобалардың өнімдерін экспортқа шығару процесін ілгерілету мақсатында ОҚО делегациясы Дубай қаласында өткен жыл сайынғы жаһандық инвестициялық кездесуге қатысып қайтты.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2018
Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес
Соңғы жылдары жадырап жаз келсе болды, Ақтөбе қаласында адамның тыныс органдарын тұмшалап тастайтын жағымсыз иіс шыға бастайды. Мұндай кезде ақтөбеліктер аузы мен мұрнын жауып, тыжырынып, қайда кетерін білмей қалады. Бұл не сонда? Қайдан және неден пайда болатын құбылыс? Экологиялық зерттеулер барысы оның бірнеше себептері мен салдарлары бар екенін көрсетеді. Біріншіден мұндай жағымсыз жәйт облыс орталығындағы спирт және арақ өндірісі қалдықтарының аптап ыстықта әден кеуіп, қабыршақтануы салдарынан болатыны белгілі болып отыр. Бұл мәселе жөнінде газетіміздің өткен жылғы нөмірлерінің бірінде егжей-тегжей жазылды да.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2018
ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты
Анкарада ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен әйгілі жазушының 90 жылдығына орай Шыңғыс Айтматов жылы ашылды.