Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Үміт жібін жалғаған үшбұрыш хаттар...
Қан қасап майдан даласынан жолданған үшбұрыш хаттар бүкіл ел болып сағына тосқан, сарғая күткен азаматтардың амандығын жеткізер еді. Бір жапырақ қағаздың бетіне сөзбен сипаттауға келмейтін жан толғанысы, алабұртқан сезім, алапат сағыныш сыйып тұрар еді. Тылдағы, ауыртпалығы майданнан бетер, оқ атылмады, қан төгілмеді демесең, бейнеті белшеден келер жерде жүргендер үшін де үшбұрыш хаттың құны тым қымбат болған шығар. Пошта тасушының жолын қарайлаған, қолына телмірген, бар болып шықса төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалғандай қуанған, өзін жер бетіндегі жалғыз бақытты адамдай сезінген толғанысты, тебіреністі сәттер аз болмаған.
Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Оның Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қызмет атқарған орны – Бас штаб жанындағы Бас әскери барлау басқармасы. Мамандығы – алыстан берілетін радиограммалар мен радиошифрларды қабылдап, шешуші. Әскери басшылықтың аса құпия директиваларын жау тылына шифрланған кодтармен жеткізуші. Өмір тарихы аса құпия.
Руханият • 28 Сәуір, 2020
Кеңес Одағы кезінде 1 мамырда Халықаралық ынтымақ күні деген мереке болып, бүкіл ауыл еңбеккерлері шеруге шығатын. Әдетте, әлемдегі еңбекшілердің басын біріктіретін мейрам саналатын 1 мамырдағы бейбіт шеруді ІІ дүниежүзілік соғыстан аман келген, кеудесі орден, медальдарға толы майдангерлер бастап жүреді. Олардың кейбірі әскери киімдерін киіп алады. Бәрі көңілді, қуанышқа толы, нағыз бейбітшілік мерекесі болады.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Әділхан Әшірбаев өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 11 мониторинг жүргізілгенін мәлімдеді.
Саясат • 28 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде жұмыс тәртібін өзгерткен еліміздегі соттар күн сайын 4,5 мыңға жуық істі онлайн режімде қарайды. Қашықтан өтіп жатқан сотқа адвокаттар мен олардың қорғауындағы азаматтар – бір жерден, прокурорлар – екінші жерден, куәлер – үшінші жерден, судьялар өз кабинетінен заманауи технологиялар арқылы қатысады. Алайда істің іркіліссіз қаралуына септесетін байланыстың сапасы сыр беріп тұр. Осы мәселелердің мән-жайын Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакировтен сұрап білген едік.