Әдебиет • 20 Сәуір, 2018
Аймақтар • 20 Сәуір, 2018
Алматыда жемқорлыққа қарсы жиын өтті
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімдігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің қолдауымен өткен жоғары оқу орындарының «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты республикалық форумында білім саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.
Өнер • 20 Сәуір, 2018
Қалибек Дерібсалдин: «Ұлттық бояуы жоқ болса, оны қазақтың әні деме»
Қостанайда әншіні де, әнсүйер қауымды да қуантқан бір жиын өтті. Әнші-композитор Қалибек Дерібсалдиннің әндерін орындаушылардың «Көктем-қыздар» республикалық ән байқауының қорытынды гала-концертіне жиналған жұрт облыстық филармонияның залында иін тіресіп отырды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына орай өткізілген бұл байқауда шырқалған әндер әр тыңдаушының, көрерменнің көңілін толқытты. Онда тек Қалибектің ғана емес, қазақтың ән әлемін асыл шығармалармен байытқан Торғай топырағы таланттарының да әндері қостанайлықтардың сусынын қандырды. Ал бұл белгілі композитор, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы Қалибек ДЕРІБСАЛДИННІҢ өз бастамасы болатын.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2018
Атырауда Ханбибі Есенқарақызының жыр кеші өтті
Махаббат мен парасатты қос өрімді бұрымдай қатар жырға қосқан ақын Ханбибі Есенқарақызының есімі қазақ еліне етене таныс. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен ақын Ханбибі Жайық жағасына келіп, жыр кешін өткізді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек жүргізген шығармашылық кеш мәнді де мағыналы болды.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2018
Саналы ғұмырында сындарлы сырбаз тұлғасымен, көркем мінез, кең дүниетанымы, биік мәдениет тілегімен, терең де жан-жақты білімімен, халқына сіңірген ерен еңбегімен жұрт қадіріне бөленіп, артында ғибратты тағылым, өнегелі із қалдыратын негізі текті, бейнесі бекзат, рухы асқақ, ары кіршіксіз, көңілі пәк дегдарлар болады. Оларды ел «асылдың сынығы» деп ұрпақтарына үлгі етіп, көзкөргендер елге өлгенше ұлағатын қастерлеп сүйсіне естеріне алады. Адам тіршілігінің мағына-мәнділігі де, бағы мен бақыты да, арманының баяндылығы да осында.