Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай – вирусқа тұсау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайдың ұзартылуына қатысты жасаған мәлімдемесі аса қажетті шара деп білемін. Жаһанды әбігерге салған пандемияның елімізде өршіп кетпеуі ең алдымен осы төтенше жағдай режімінің уақтылы енгізілуімен тікелей байланысты.
Технология • 28 Сәуір, 2020
Алматы қаласы Алатау ауданындағы математика-физика бағытындағы №178 лицейде роботтехника үйірмесіне қатысатын балалардың саны артып келеді. Жақында кішкентай өнертапқыштар Айтөре Хамзахан, Нұрали Тоқбергенов ұстаздары Бегалы Ахметовтың жетекшілігімен басқару құралы арқылы қозғалатын роботты бесік құрастырды.
Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Ассалаумағалейкүм, ағайын! Сексенінші жылдардың бас кезі. Жеті-сегіз жасар ойын баласымыз. Бірде жолды кесіп өте бергеніміз сол еді, жетектеп алған апам кілт тоқтады. Алыста аяңдап келе жатқан бір қарияны көзі шалып қалса керек. Небәрі екі метр жолдан өту үшін әлгі кісіні біраз күтуге тура келді. Жасы үлкен кісіге апамның сәлем салғаны, риза болған қарияның бізге мейірленіп бата бергені, содан кейін ғана жолдан өткеніміз есімде қалып қойыпты.
Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Өнерлі өрендерді жиған «EL Jastar»
Былтыр Көкшетауда талантты өрендерден құрылған «EL Jastar» театры ашылған болатын. Жаңадан құрылған шығармашылық ұжымы аз уақыт ішінде көпшілікке танылып үлгерді.
Таным • 28 Сәуір, 2020
Әбу Насыр әл-Фараби мен әл-Мүтанабби
Оқсыз бен Отырар Отырардың (Фараб) біртуар асыл перзенті, энциклопедист ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) есімі қазір әлем жұртшылығына әйгілі. Ежелгі қазақ шаһары Отырарда дүниеге келген Әбудің ғалымдық атағы тіпті XI-XII ғасырлардың өзінде-ақ жаһанға жайылған. Профессор Е.Э.Бертельс: «Әбу Насыр әл-Фарабиді түркітекті әскери қолбасшының жанұясында дүниеге келген. Оқсыз (Уасидж) халқы исламды 839/40 жылдары қабылдаған. Уасидж (Оқсыз) үлкен орталық еді. Оның 70 мыңға жуық тұрғыны, базары және күмбезді мешіті бар-тын.